Ұлттық ұлан қызметкері жекпе-жек тәсілін қолданып, бұзақыны ұстады

/uploads/thumbnail/20180320163135779_small.jpg

Алматыда Ұлттық ұлан қызметкері адам өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

16 наурызда таң алагеуіммен қызметке келе жатқан Ұлттық ұланның 3650 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қарауыл бастығы прапорщик Н.Нұрбаев үшеудің бір адамға жабылып жатқанын көріп, көмекке келеді. Жекпе-жек ұрысының тәсілдерін қолданған ол бір құқықбұзушыны ұстайды, басқалары белгісіз бағытқа қашып кетеді.

Алматы қаласының Райымбек даңғылының үстімен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінде үш бұзақы қарсы келе жатқан адамның құнды заттарын алмақшы болып, шабуыл жасағаны белгілі болды. Сол жерде текетірес басталып кеткен, бұзақы үшеуге жәбірленуші жалғыз өзі қарсы келеді. Текетірес барысында бұзақылардың біреуі жәбірленушіге төрт рет пышақ сұғып алған. 

Жарақат алған адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен прапорщик Нұрбаев полиция қызметкерлерін, жедел медициналық көмекті шақырады. Қазіргі уақытта жәбірленуші С-ның жағдайы бірқалыпты.

Прапорщик Нұрбаев Нұрбол Ниязақынұлы Ұлттық ұлан қатарында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Отбасылы, төрт баласы бар.

Құқықбұзушыларды ұстауда батыл әрекет еткені үшін 3650 әскери бөлімінің қолбасшылығы прапорщик Н.Н. Нұрбаевты көтермелеу туралы жоғары қолбасшылыққа ұсыныс жасады. 

Ұлттық ұланның

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі

Связанные Статьи