Францияның экс-басшысы Николя Саркози сайлауалды науқанын Ливия үкіметі қаржыландырды деген күдікпен ұсталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Францияда бұрынғы президент Николя Саркози ұсталды. Француз басылымы дереккөзге сілтеме жасай отырып экс-президенттің Париждің маңында абақтыға қамалғанын хабарлады.
Саркозидің 2007 жылғы президент сайлауындағы науқанын Ливия қаржыландыруы мүмкін деген күдік бар. Осы істің аясында экс-президент ұсталды. Ол 48 сағатқа қамауға алынды.