Шымкентте балмұздақтан уланған 27 науқас сальмонеллез жұқтырған

/uploads/thumbnail/20171018084858027_small.jpg

Шымкентте балмұздақтан уланып, ауруханаға түскендер саны 188 адамды құрады. Науқастандырң арасында 27 адам сальмонеллез жұқтырғаны анықталған. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпараттың дерегін негізге алып.

Мұқан Кеңесбекұлының сөзінше, ауруханаға жатқызылғандардың 101-і ересектер болса, 39-ы 14 жасқа дейінгі бала. Сондай-ақ 48-і кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер.

«3-ші сәуірге дейін 99 науқас үйлеріне шығарылды. Қазіргі таңда ауруханада 89 ауру ем қабылдауда. Аурулардың жағдайлары орта дәрежеде. 4-ші және 5-ші сәуірде тағы 50-60 науқас жатқызылады деп жоспарлануда. Жағдайы ауыр науқастар жоқ әзірге. Ауруханаға жатқызылған науқастардың барлығы жедел өткір-ішек инфекциясымен түскен. 27 науқаста сальмонеллез бактериясы табылды»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

Еске салайық, Шымкентте тұрғындар балмұздақ сататын «Южное» сауда орыннан тәтті жеп, жаппай уланып қалған болатын. Соның салдарынан 27 наурыздан бері қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 188 адам түсті. Өңірде осы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тарапынан тексеру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ облыстық ішкі істер департаменті Қылмыстық кодексінің 304-бабы «санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғап, бірнеше сараптамалар тағайындаған болатын.

Связанные Статьи