WBA және IBA тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов WBA тұжырымының жаңартылған рейтингінде үздіктер қатарына қайта оралды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Qsport.kz порталына сілтеме жасап.
Екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған Бейбіт спорттық мансабын қайта бастаған болатын. Отандасымыз WBA тұжырымының жаңартылған рейтингінде 2 орынға жайғасқан. Ал 1 орында армениялық Арсен Гоуламириан тұр. Ауыр салмақтағы WBA, IBF тұжырымдарының чемпионы Мурат Гассиев болса, украиналық Александр Усик WBC, WBO тұжырымдарының чемпионы.
Айта кетейік, Шүменов кәсіпқой бокста 19 кездесу өткізіп, 17 мәрте жеңіс тұғырынан көрінсе, 2 рет жеңілістің ащы дәмін татқан.