Елбасының бастамасы нағыз мамандарды әзірлеп шығуға үлкен мүмкіндік береді

/uploads/thumbnail/20180429184120685_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты үндеуін тікелей эфирден тыңдадым. Өзім ұстаз болғандықтан ойыма бірден келгені – дәріс беріп жүрген алыс және таяу шетелден келген қазақ жастарының оқуға түсуіне мүмкіндік жасау. Келесі күні Əл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде оқитын тыңдаушыларыма Елбасымыздың үндеуіндегі үшінші бастамасы: "Жоғарғы білім алудың қол жетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту" деп атап көрсеткенін айтып түсіндіре отырып, жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылына тағы 20 мың грант бөлінетінін үндеуді таныстыру барысында жеткіздім. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі екендігіне тыңдаушыларым қуанды. Өйткені олар жаратылыс пəнімен дайындалып жатыр. Елбасымыздың жастарға сенетінін жəне жоғары білім алу жаһандық үрдіс, жоғарғы білікті мамандарсыз еліміздің озық 30 ел қатарына қосылу мүмкін еместігін тыңдаушылар түсініп,таңдаған жоғарғы оқу орнына түсіп, жақсы маман иесі болып, Қазақстанның бір кірпішін қалайтындарын қуанышпен жеткізді.

Жоғары оқу орнына түскен студенттердің жоғары білім алуының сапасын арттырудың тағы бір жолы – шалғайдан келгендерді жатақханамен қамтамасыз ету керек. Жас кезінен пәтер жалдап, біреудің босағасын жағаламай, заманауи салынған жатақханада ешбір алаңсыз білім алып, алған білімін ғылыммен ұштастырып, сонымен қатар жан-жақты маман болуына жол ашылады.

Бұл бастама – төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында қажет болатын мыңдаған жаңа мамандарды әзірлеп шығуға үлкен мүмкіндік береді.

А.К.Бегалиева,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті,

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының

Аға оқытушысы

Связанные Статьи