Дүйсенбі, 30 сәуірге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180126143351902_small.jpg

Қазгидрометтің хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзаға" күтіледі, жекелеген аудандарында бұршақ болуы мүмкін. Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, шаңды дауыл күтіледі.

 Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, желдің күші 15-20 м/с күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Жамбыл облысының күндіз кей жерлерінде - найзағай, жел 15-23 м/с, бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, күндіз - найзағай, шаңды дауыл. Қостанай облысының таңертен және күндіз кей жерлерінде найзағай, желдін күші түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с. Маңғыстау, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде - тұман. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, жел 15-20 м/с күтіледі. Павлодар облысының күндііз кей жерлерінде - найзағай, желдің күші 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.

 

 

Связанные Статьи