ОҚО-да "Мақтарал - тазалық айнасы" атты сенбілік өтті

/uploads/thumbnail/20180529165532732_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі іс-шараларды өткізу туралы облыс әкімінің №53 қаулысына сәйкес, Мақтарал ауданында бірнеше аптадан бері санитарлық тазалық жұмыстары мен сенбіліктер өткізілуде.

Бүгін аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен "Мақтарал - тазалық айнасы" атты жаппай сенбілік ұйымдастырылып, ауданды абаттандыру жұмыстары жалғасын тапты.

Сенбілікке барша қала, кент, ауылдық округтерден 8 мыңнан аса адам және 32 техника қатысып, 421 тонна ретсіз күл-қоқыс шығарылды. 83 шақырым көшенің бойлары, 22 шақырым аяқжолдар тазаланып, ретке келтірілді. Сонымен қатар, 9 балалар алаңшалары, 8 спорт алаңшалары мен 11 автобус аялдамалары әктеліп, сырланды.

Одан бөлек, 110 көпқабатты үйлердің аумақтары мен кіреберістері, 2671 шаршы метр үй іргелік аулалары ретке келтірілсе, 1,775 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер қоқыстан арылды.

Айта кетейік, бүгінгі тазалық жұмыстарының арқасында ауданның 18 жерінде берекетсіз жатқан күл-қоқыстар жойылып, 8543 дана талдар әктелді. Сондай-ақ, 0,675 гектар саябақ, 0,125 гектар скверлер, 21 шақырым каналдар мен көпірлер тазаланды.

Связанные Статьи