ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың менингитке байланысты айтқан пікіріне жауап берді. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews мәліметіне сүйеніп жазады.
Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі өршіп тұрған менингит дерті туралы пікір білдірген болатын.
— Ауруды тоқтату үшін барлық қажетті талаптар орындалғанын естідіңіз. Бізбен арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Олар біздің жұмысты үш кезең бойынша толық атқарып жатқанымызға баға береді. Бірінші кезең – науқастардың тұрған жерін анықтап, олармен тығыз байланыста болған тұлғалардың қатарын анықтау және ол адамдарды антибиотикалық профилактикамен емдеп, дәрігерлердің қадағалауында ұстау. Екіншісі – диагностика. Үшіншісі — емдеу. Осы үш негізгі кезең бойынша жұмысты біз толық орындадық. Біздің халықпен үнемі кездесіп отыратынымызды білесіздер, - деді брифинг барысында Жандарбек Бекшин.
Айта кетейік, кеше менингиттен Талдықорғанда 17 жастағы студент қайтыс болды.