Астана полициясы KADEX-тегі кісі өліміне қатысты жаңа деректермен бөлісті.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қаза тапқан ер адамның көрме ұйымдастырылуына еш қатысы жоқ. Ал оқиға болған күні желдің күшеюі мен ауа райының бұзылуы туралы тұрғындарға СМС-хабарламалар таратылған.
Қазіргі уақытта полицейлер 66 жастағы зейнеткерге көрмеге кіруге кім және қашан рұқсат бергенін анықтап жатыр.
Астана ішкі істер департаменті Қылмыстық кодекстің 306-бабы (Қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
«Көрме аумағында ақпараттық-жарнамалық қалқан орнатушы мердігер ұйымға қатысты тексеру шаралары орындалып, сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады ІІД.
Айта кетейік, 24 мамырда Астанадағы KADEХ-2018 жабық күні көрме аумағында ер адамға стенд құлап көз жұмған.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов қайғылы жағдайға дәл сол күні көрмеде болған ер адамның өзін кінәлады. Министрдің айтуынша, ол күн келушілерге арналмаған болыр шықты.