Түркістан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болды

/uploads/thumbnail/20170929163116168_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшті.   

Бүгін  Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясы шақырылды. "Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығын Түркістан қаласына көшіру" мәселесі сонда талқыланды.

Маусымның 2-сінде қала әкімдігі жергілікті тұрғындардың басын қосып, Түркістан қаласының аумағынан ауылдық округтердің жалпы аумағы 721 мың гектар жерді шығару арқылы Түркістан қаласы шекарасын өзгерту және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру мәселесі алғаш рет ресми талқылап, қоғамдық тыңдау өткізген еді.

Ресми статистикалық мәліметтерге қарағанда, Түркістанда халық саны 262 мыңнан асады. Тұрғындардың алпыс пайыздан астамы қазақтар, қырық пайызға жуығы өзбектер. Қала аумағына 12 ауылдық округтегі 40 ауыл кіреді.

Сонымен қатар бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясында депутаттарға Шымкент қаласы халқының бір миллионға жетуіне орай, қалаға мегаполис статусын беру ұсынылды

Связанные Статьи