Аягөздің үш бірдей ауылына таза су тартылып жатыр

/uploads/thumbnail/20180605165905982_small.jpg

Аягөз ауданында үш бірдей елді мекенді таза ауыз сумен жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Ауданның Дөненбай, Кеңқолат және Ескі Майлин ауылдарында сумен қамту ең өзекті мәселелердің бірі болып келген еді. Кеңестік заманда салынған су жеткізу желісі ешқашан жөндеу көрмеген болатын. Ал Ескі Майлин ауылының тұрғындары мұнда ешқашан да ауызсу болмағанын айтады. Әр тұрғын өзі үйінің қасынан құдық қазып алған. Енді жөндеу жұмыстары басталғанын көрген ауыл тұрғындарының қуаныштарында шек жоқ.

Дөненбай ауылында сыртқы су құбыры мен суіркуіш құрылыс алаңын қайта құрылымдау жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары жеті жарым айға созылмақ. Су өткізу желісінің ұзындығы 15 мың метрді құрайды, оның ішінде су таратқыш екі желі де болады.

Ал Кеңқолат ауылындағы сумен жабдықтау жұмыстары тіпті, сәуір айында басталып кеткен. Сегіз адамнан құралған бригада 1800 метр жерге тұрба өткізіп жатыр.

– Енді бізде ауыз су болатындығына өте қуаныштымын. Бұрын суды бұлақтардан алатын едік, бөшкелермен таситын едік. Енді үйдің жанында болады, — дейді Кеңқолат ауылының тұрғыны Марат Дүйсеханов.

Жұмыс Ескі Майлин ауылында да қызып жатыр. Қазіргі уақытта мердігер компания 200 метр траншея қазып, су қоймасының, сорғы және ұңғыманың өзінің 15,7 текше метр армирленген бетон негізі құйылған. Қалыптау қалқаны орнатылуда. Маусымның отызына дейін мұндағы су өткізу желілерінде таза су ағатын болады.

Кеңқолат және Ескі Майлин ауылдарын сумен жабдықтау жұмыстарына жергілікті бюджеттен, ал Дөненбай ауылына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Жобалардың ортақ құны 300 млн. теңгеге жуық.

Связанные Статьи