Даниал Ахметов: Балалардың бәрі «ТОКОМАК-тың» не екенін білуі керек

/uploads/thumbnail/20180605170230792_small.jpg

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының саяси кеңесі бюросының кезекті отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Курчатов, Зайсан және Ұлан аудандарында іске асырылу барысы қаралды.

Жиын аймақ басшысы, партия филиалының төарағасы Даниал Ахметовтің төрағалығымен өтті.

Тақырып бойынша баяндама жасаған Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов шаһарда бағдарлама аясында киелі орындардың,сонымен қатар көпшілікке көрсетуге тұрарлық жерлердің жоқ екенін айтып, қатал сынға қалды. Ол, сондай-ақ, қалаға туристік мақсатта келген адамдардың санын да білмейтін болып шықты.

– Әлемде 32 «ТОКОМАК» реакторы бар, соның екеуі ғана материалтану бағытында жұмыс істейді. Сол екі реактордың біреуі – нақ осы Курчатов қаласында орналасқан. Менің ойымша, облыстағы балалардың бәрі «ТОКОМАК-тың» не екенін білуі керек, оны өз көздерімен көруі тиіс. Осы өңірде әлемдегі ең үлкен ядролық қаруларды сынақтан өткізетін полигон болды. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жабылды. Еліміз атом қаруынан өз еркімен бас тартты. Бұл– әлемде теңдесі жоқ тарихи шешім, батыл қадам болды. Осының бәрі – ел тарихы. Курчатовта полигонға арналған ерекше мұржай да бар. Ал сіз болсаңыз Курчатовта ештеңе жоқ деп, құтылғыңыз келеді, – деп қадап айтты облыс әкімі.

Аймақ басшысы, қаладағы көрнекі жерлердің сызбасын жасап, маршурт әзірлеуді тапсырды. Шаһарға оқушылардың темір жолмен және автокөлікпен қатынау мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Связанные Статьи