АҚШ билігі Қытайдан әкелінетін тауарларға қосымша 200 миллиард доллар көлемінде баж салығын енгізбек, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.
Бұған дейін Қытай АҚШ тауарларын импорттауға 25 пайыздық баж салығын қосқан болатын. АҚШ соған жауап ретінде осындай шара қолданып отыр. АҚШ әкімшілігі Қытаймен ары қарай да келіссөз жүргізуге үмітті.
АҚШ 15 маусымда Қытайдан әкелінетін соммасы жылына 50 миллиард доллар болатын импортқа 25 пайыз баж салығы қосылған. Қытайдың тарифтер жөніндегі комиссиясы 16 маусымда АҚШ-тан әкелінетін тауарға баж салығын қымбаттатты. Екі ел арасындағы жаңа кедендік баж салығы 6 шілдеде өз күшіне енді.