Ақтөбе қыс мезгіліне дайын

/uploads/thumbnail/20181120115800111_small.jpg

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коммуналды қызметтердің, мердігер мекемелердің, Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдарының алдағы қысқы кезеңге дайындығын тексерді.

Өңір басшысы қар тазалайтын және басқа да мамандандырылған техникаларды қарап шығып, жауапты мемлекеттік органдар мен мердігер кәсіпорындардың басшыларымен кездесті.

Күн сайын біздің облыстың аумағында 30 мыңға жуық автокөлік, соның ішінде жолаушылар көлігі транзитпен тасымалдайды. Биыл қыс қарлы болады деп болжанып отыр, сондықтан алдын ала дайындалу керек. Сіздердің міндеттеріңіз – кедергісіз жол жүруді қамтамасыз ету, ал егер жолда адамдар қиындыққа тап болса – оларға қонатын жер мен тамақтануларын ұйымдастыру керек,- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы қала билігінің назарын тазалықты, қала көшелеріндегі қардың уақытылы жиналып, шығарылуын қамтамасыз етуге аударды. Ақтөбе қаласында қысқы кезеңде қар тазалау жұмыстарымен 11 кәсіпорын айналысатын болады. Барлығы 220 бірліктен аса арнайы техника, соның ішінде автогейдерлер, қайырмасы мен щеткасы бар МТЗ-80 көліктері, жол-комбинациялы машиналар, шнекороторлар, құмшашыратқыштар, жүк тиегіштер, жүк түсіргіш машиналар мен тағы басқалар жұмылдырылған. Барлық жабдық дайын күйде. 600 тонна тұз, 1500 тонна тұз қоспасы және 1000 тонна құммен қамданған. ТЖД желісі бойынша 139 жылыту бекеті мен үш тас жол медициналық-құтқару пункті, 600 бірліктен аса техника дайындалған, оның ішіндегі 44 бірлік техниканың өткіштігі жоғары.

Связанные Статьи