Маңғыстау облысы әкімінің аппарат жиынында Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Төлеуғалиева Гүлзаида осылай деді.
Ол Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 3-кезеңі іске асырылып жатқанын жеткізді.
«Облыстағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 97,7%. Үш тілді ілгерілету аясында мемлекеттік қызметшілерге тегін курстар ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардан 405 адам қатысқан. Мемлекеттік тілдегі құжат айналымына жүргізілген мониторинг 2018 жылдың 10 айы бойынша – 99,2%-ды құрады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілді контенттің үлесі 99,5%», - деді Гүлзайда Төлеуғалиева.
Сондай-ақ жиында оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері туралы Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары Жансұлу Бабаева баяндама жасады. 2018 жылдың он айындағы мәлімет бойынша аймақтағы салық берешегі 42 488,3 млн. теңгені құрады. 3,325,0 млн. теңге есебін құрайтын 720 борышкерге жеке мүліктеріне түгендеу актілері жасалды. Жалпы сомасы 587,0 млн. теңге құрайтын 82 материал «КРУА» АҚ-на сатылымға шығару үшін берілді. Істелген шаралардың нәтижесінде бюджетке 810,0 млн. теңге түсті. Салық кодексіне сəйкес, 1 502,5 млн. тенге салық берешегі бар 20 салық төлеушілерге салықты төлеу мерзімі ұзартылған.