Ақбөкендерді қорғаймын деп қаза тапқан батырға ән шығарылды (видео)

/uploads/thumbnail/20190116131823466_small.jpg

Айтыскер ақын ақбөкендерді қорғаймын деп қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевке арнау шығарды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Еске сала кетсек, 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында браконьерлер "Охотзоопром" мекемесінің  инспекторларына шабуыл жасады. Инспекторлар күдік туғызған автокөлік пен құжаттарды тексергелі жатқанда, браконьерлер оларға қарсылық көрсеткен.

Екі инспектор да ауыр жараланып, Астана ауруханасына жеткізілді. Қызметкерлердің бірі бірнеше сағаттан кейін жан тапсырды. Ал кеше кешке екінші инспектордың көз жұмғаны белгілі болды. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Связанные Статьи