Суретші әрі жазушы Медия Булдук Стокгольмде тұрады. Жақында ол оқырмандарының назарына ерекше жұмыстарын ұсына бастады. Ол бұл жолғы еңбегінде әртүрлі адамдардың қоршаған ортаны, айналадағы оқиғаларды, жалпы өмірді қабылдау деңгейінің әртүрлі екендігін көрсетпекші болған.
Өзінің әлеуметтік желісінде суреттеріне мағыналы терең сөз жазып, оқырмандарын өз сезімі мен іс-әрекеттеріне ойлануға шақырады. Әр адам өз өмірлік жолын таңдауына мүмкіндігі бар. Суретші Медия дәл сол таңдау саналы түрде болу керектігін еске салады.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандары назарына суретшінің мағынасы терең суреттерін ұсынады.
1. «Күш-қуатыңды сақта. Қуатыңды сүліктей соратын жандардан барынша аулақ жүр"
2. «Оның бойында әлдебір сиқыр бар. Ол сиқырын айналасына таратып жүреді. Бұл сиқыр өмірді өзгертетіне сенеді"
3. «Күш сенің – ішіңде. Ол қашан сен оны байқап, бостандыққа шығарады деп күтіп отыр"
4. «Сен мықты әрі ақылды адамға айнала бастағаныңда, айналаңдағылар сені өзгеріп кетті деп айта бастайды. Құдды, жаман нәрсе жасап жатқандай"
5. «Сізге біреу мүмкіндік, ақша немесе жұмыс ұсынады деп күтпеңіз. Адам тәжірибе мен сынақсыз дамымайды. Сіз өзіңіз мүмкіндігіңізді қалыптастырып, соны барынша пайдалануыңыз керек"
6. «Санаңды денеңді шынықтырғандай шынықтар. Денеңді санаңды шынықтырғандай шынықтыр" 
7. «Жек көруді үйретеді"
8. «Жаман оқушы да, бала да болмайды. Тек жігер, бағыт, махаббатқа зәру жандар ғана бар"
9. «Бәрі ойдан басталады. Бастапқыда ол ақымақтық сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ, дегенмен, ойыңа ерік бергенің жөн. Ол үшін күрес. Ол арманың екенін ұмытпа"
10. «Бұрын "Әй, кім ол өзі соншама?" деп айтады деп қорқатын едім. Бүгінде оларға "Мен ол - мен!" деп жауап беруге қорықпаймын!"
11. «Арпа ішінде бидай бол. Сенің ішіңде өмірді, болашақты өзгертуге күші жететін арыстан отыр"
12. «Кейде ұлы әрі ақылды адамдар арнайы стандартты сынақтың көмегімен анықталмайды. Себебі, олардың ойлау түйсігі мүлдем өзгеше"
13. «Іштегі әлемім сырттағы шындықты өзгерте алады"
14. «Рухани кедей: "Ақша табу үшін маған ақша керек".
Рухани бай: "Маған ой, қалам, қағаз керек".
15. «Кей ауруды көру мүмкін емес"
16. «Бақыт қолдағы барыңа емес, сол барыңды қалай қабылдайтыныңа байланысты"
17. «Кейбір "қайғы" — шын қайғы емес"
18. «Адамның денесін емес, жанын көре алсақ, қалай болар еді?"
Дереккөз: adme.ru
Ұсынған: Мақпал Сембай