Астананың жаңа атауына сәйкес домен 24 миллионға сатылады

/uploads/thumbnail/20190324121316400_small.jpg

Nur-Sultan.kz домені сатылымға шығарылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ♦telderi.ru атты ресейлік сайттар мен домендер биржасына сілтеме жасап. 

Хабарландыру авторы домен Қазақстан елордасының жаңа атауына толығымен сәйкес келетінен жаза келе, бастапқы бағасы – төрт миллион екі жүз мың рубль (24 миллион 696 мың теңге) деп көрсеткен.

Хостинг қызметін ұсынатын сайттардың бірінде доменнің Ақтөбе тұрғынына тиесілі екені айтылыпты. Ол доменді 2019 жылы 20 наурызда сатып алған екен.

Домен Әкімдікке, Туристік компанияларға, жаңалық порталдарына және елорданың ғаламтор дүкендеріне әбден лайық деп жазылған хабарландыруда. 

Еске сала кетсек, 23 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер енгізілгені туралы заңға қол қойып, Қазақстан елордасы Нұр-Сұлтан деген атқа ие болған еді. Мемлекет басшысы астана атауын өзгерту туралы жарлыққа да қол қойды.

Сөйтіп, Астана атауының өзгергенін пайдаланып, Ақтөбе тұрғыны байып кетудің аз-ақ алдында тұр.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Связанные Статьи