Димаш Құдайберген көпшілікке алғысын білдірді

/uploads/thumbnail/20190323124850746_small.jpg

Димаш Құдайберген Кремль сарайында екі күн қатарынан өткен концертінде көмек көрсеткен адамдарға алғысын білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Екі күн қатарынан  Кремльдегі аншлаг үшін рахмет, Мәскеу! Сіздерге өнер көрсеткенім үшін бақыттымын. Осы жоба үшін аянбай еңбек еткен барлық жандарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Бүгін «1 каналда» (Ресей телеарнасы-авт) кездескенше», - деп жазды әнші ♦Инстаграмдағы парақшасында.

Еске салсақ, 22-23 наурыз күндері Мәскеудегі Кремль сарайында өткен Димаштың концерті керемет деңгейде өткен еді. Концертке Димаштың шығармашылығына шынайы берілген әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйер келген. Құрметті қонақтар арасында әншінің ата-анасы, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі, Ресей премьер-министрінің жұбайы, эстрада жұлдыздары және өзге де беделді азаматтар болған. 

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концертінен бір күн бұрын әлемнің 56 елінен 400-ден астам жанкүйер Мәскеуде pre-party-де бас қосқан еді.


Ұсынған: Мақпал Сембай

 

Связанные Статьи