Әлі жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген канадалық былғары қолғап шебері Головкинмен кездесуге дайын екенін жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Sport Illustrated бағдарламасының корреспанденті Крис Мэнникс мәлімдеді.
"Головкин мен Роллстың келіссөзі маусым айындағы келіссөздердің ішінде алғашқылардың бірі болып тұр. Қолда бар деректер бойынша Роллс барлық шартты қабылдап, келісімін берді", - деп жазды Крис Мэнникс.
. @GGGBoxing: I am very excited to be returning to the ring and bringing the Big Drama Show back to MSG. The Garden's fans are fantastic. I love boxing and I promise to bring the best of me to everyone who will be watching me in an all-action fight with Steve Rolls."
— Kevin Iole (@KevinI) 16 апреля 2019 г.
Кейін Головкин жекпе-жек туралы пікірімен бөлісіп, өз жанкүйерлеріне уәде берді.
"Мен рингке қайта оралатыныма қуаныштымын әрі қобалжып тұрмын. MSG-ға ерекше әсер қалдырарлық өнер көрсететін боламын. Мен боксты қатты жақсы көремін және көрермендер үшін Роллспен кездесуімді ұмытылмастай қызықты әрі керемет етіп өткізуге уәде беремін", - деп жазды Головкин өзінің Twitter парақшасына.
Reps for @GGGBoxing and undefeated Canadian middleweight Steve Rolls are in the advanced stages of finalizing a June fight, sources familiar with the discussions tell @SInow. Rolls has agreed to all terms, per sources.
— Chris Mannix (@SIChrisMannix) 16 апреля 2019 г.
Аталмыш жекпе-жек 8 маусымда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтетін болады. Келесі аптаның басында, 22 немесе 23 сәуірде алғашқы баспасөз конференциясы өтіп, билеттер 27 сәуірден бастап сатылымға шығады.