Димаш Құдайберген Қазақстан және Өзбекстанның президенттерімен кездесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР президенті Тоқаев өзінің Instagram парақшасына жариялады.
"Димаш Құдайберген – ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін",- деп жазды ҚР президенті Тоқаев.
♦Димаш Өзбекстанда өнер көрсетіп, өзбек жұртын таңғалдырды (видео)
Сондай-ақ Димаш Құдайберген де мемлекет басшысына алғысын білдірді.
Еске сала кетсек, Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне арналған гала концертте Димаш Құдайберген де өнер көрсетіп, өзбестандықтардың ыстық ықыласына бөленген еді.