Қазақстан темір жолы Үрімшіге жүретін пойыздардың қысқаратынын атап айтты. Яғни, олар алдын-ала сатып алынған билет ақшасы қайтарылатынын хабарлады. Бұл туралы толығырақ total.kz порталында.
«2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан билет алған жолаушылардың сатып алған билет ақшаларын теміржол кассаларынан қайтарып алуын сұраймыз. Және қайтарылым үшін ешқандай да қосымша ақша ұсталынбайды" , - айтылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Қазақстан үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия қытайлық коронавирустың елге таралуына жол бермеу үшін бірқатар шараларды қабылдады.