"Қазақстанда кәсіпкерлердің 76 пайызы парасыз жұмыс істеп келеді"

/image/2020/01/31/crop-60_21_826x1101_1577200894_img-20191224-wa0078.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев елімізде кәсіпкерлердің 76 пайызы парасыз жұмыс істеп келеді деп мәлімдеді. Бұл туралы inform.kz хабарлайды.

«Парасаттылық әрі адалдық тек мемлекеттік қызметте ғана емес, бизнес те де негізгі өнегелі бағыт болуы тиіс. Кәсіпкерлер санасының трансформациясы – экономиканың бәсекеге қабілеттігін дамытудың міндетті шарты. Егер де жемқорлыққа қарсы комплаенс (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың корпоративтік бағдарламасы) институты толық күшінде жұмыс істесе, онда бұл процесс елеулі түрде жанданады. Ұлттық компаниялар мен жеке секторларда комплаенс-офицерлердің пайда болуы бизнес парасаттылығы деңгейінің өсуіне оңтайлы ықпал етеді. Қазіргі кезде тиісті заң жобасы Парламенттің қарауында. Бизнестің эволюциясы үшін маңызды алғышарттар бар екенін атап өткен жөн. Transparency Kazakhstan сауалнамасына сәйкес, кәсіпкерлердің 76 пайызы өз бизнесін пара бермей дамытып келеді, яғни таза құқықтық кеңістікте қызмет етуде. Өз кезегінде агенттік жемқорлыққа қарсы шаралар арқылы адал бизнеске қолдау жасап отыр», - деп атап өтті  Шпекбаев агенттіктің 2019 жылғы жұмыс қорытындысына арналған алқа мәжілісінде.

Шлекбаевтың айтуынша, бизнес ісіне заңсыз араласудың 358 фактісі анықталып, 400 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Бүгінде агенттік қорғауында жалпы сомасы 12 трлн теңгеден астам қаржы құрап отырған 400-ден артық жоба тұр. 



Связанные теги :

Связанные Статьи