Ұлыбританияда коронавирустың алғашқы 2 жағдайы расталды

/image/2020/01/31/crop-47_4_450x600_i.jpg

Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау департаментінің мәлімдеуінше, бүгін жұқпалы індеттің екі жағдайы расталды. Бұл туралы bbc.com хабарлайды.

Британдық билік әзірге коронавирусқа байланысты науқастар мен оларға қай жерде көмек көрсетіліп жатқандығы нақты ақпарат таратпай отыр. 

«Ұлттық денсаулық сақтау департаменті індетке қарсы өте жақсы дайындалған және жұқпалы аурулармен қалай күресуге болатындығын біледі. Қазір біз инфекцияның таралуын болдырмау үшін пациенттермен жұмыс істеп жатырмыз», - деп айтты ағылшын медициналық қызметінің басшысы Крис Уитти.

Связанные теги :

Связанные Статьи