Оңтүстік Корея президентінің кеңесшісі: Ким Чен Ын тірі

/image/2020/04/26/crop-2_-2_642x949_nintchdbpict000421009380.webp

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Чун-ин Мун Корей Халық-Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ынның «тірі және сау» екенін айтты. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Оңтүстік Корея шенеунігі Fox News-ке берген сұхбатында Ким Чен Ынның Вонсан куротында екенін мәлім етті.

Оның сөзінше, Солтүстік Корея басшысы теңіз жағалауындағы демалыс үйінде. Ол Кимнің өлгені туралы хабарларды жоққа шығарды.

– Біздің үкімет Ким Чен Ынның тірі және аман-сау екенін сеніммен айта алады, – деді Чун-ин Мун Fox News радиосына.

– Ол 13 сәуірден бері Вонсан аймағында. Осы уақытқа дейін күдікті жағдайлар анықталған жоқ, – деді президент кеңесшісі.

Связанные теги :

Связанные Статьи