Қала бойынша жүйеге жалпы 896 624 адамнан өтініш түсті.
Бақылау және тексеріс қорытындысына сай, 474 мың өтініш қате жіберілгені анықталды.
Төлемдерді тағайындаудан бас тарту себептері төмендегідей:
– төтенше жағдай жарияланғаннан кейін соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдардың/бірыңғай жиынтық төлем/ міндетті зейнетақы жарналары болмауы, БЖТ өтініш беру күніне дейін төленуі (68%);
– өтініш беруші – әлеуметтік төлемдер мемлекетке тиесілі кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер жүргізетін және мемлекеттік органдар басқаратын тұлға (5,8%);
– БЖТ төлеушісі, алғашқы төлем төтенше жағдай кезінде төленіп (2020 жылдың 16 наурызынан бастап), сонымен қатар төлемдер мен жәрдемақылар алушылар (20%);
– екіден астам төлеушіден міндетті әлеуметтік аударымдар (міндетті зейнетақы жарналары немесе бірыңғай жиынтық төлем) жасалған, оның ішінде бір кезеңге өздері үшін төлегендер (6%);
– т.б. (Қазақстан Республикасынан шыққандар, алушының қайтыс болуы) (0,2%).