Шерзаттың өлімі: Төрт күдікті бұған дейін сотталған

/uploads/thumbnail/20250417140755944_big.webp

Сотталушы Абзал Шынасыл 2002 жылы туған. Уақытша жұмыссыз, бойдақ. Бұрын сотталмаған. Сот отырысына толық дайын емес екенін айтты.

Айыпталушы Равиль Сәкиев 1998 жылы дүниеге келген, білімі – орта. Бұған дейін мейрамханада әкімші болып жұмыс істеген. Ол өзінің бойдақ екенін, ата-анасымен бірге тұрғанын айтты. 

"2021 жылы Талғар аудандық сотымен 381-бап бойынша сотты болғанмын. 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қазір соттылығым жойылған. Сот отырысына дайын емеспін. Өзімнің позициямды адвокатпен сөйлескен жоқпын", - деді Равиль Сәкиев.

2000 жылы туған Шыңғыс Белғожаев Алматы облыстық қысқы спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер болды. Бойдақ.

"Бұрын сотты болғанмын, соттылығым жойылған. 2015 жылы 106-бап бойынша бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - деді Айдос Белғожаев.

Ол айыптау актісінің көшірмесін алғанын, сотқа дайын екенін мәлімдеді. 

1993 жылғы Дархан Әскентай уақытша жұмыссыз екенін айтты. Бойдақ. Ол бұрын тергеуге алынған. Сот отырысына дайын. 

Тағы бір айыпталушы 1998 жылғы Нұрқияс Ілиясов жұмыссыз екенін мәлімдеді. Бойдақ, ата-анасымен бірге тұрған. 2023 жылы 107-бап бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді, жазасы әлі өтелмеген. 

2000 жылғы Азамат Тоқтаубаев жеке кәсіппен айналысқан. Үйленген, бұрын соттылығы болған. 2024 жылы 7 жыл мерзімге орташа қауіпсіздігі мекемеде бас бастандығынан айырылды.

1996 жылғы Нұрбол Тоқтаубаев осыған дейін оператор болып істеген. Үйленген, бұрын сотты болмаған.

1998 жылғы Дидар Ғалиахмет жүргізуші болып жұмыс істеген. Үйленген, екі баласы бар. Бұрын істі болмаған.

2007 жылғы Думан Ысқақ 11-сынып оқушысы. Сот отырысына дайын екенін айтты.

Связанные теги :

Связанные Статьи