Тұсаукесер: Болат Бопайұлы еңбектері зағип жандар үшін жаңа форматта жарық көрді

/uploads/thumbnail/20250418124847564_big.webp

«Ұлттық кітап» күні мерекесі аясында көрнекті этнограф, жазушы, әдебиет сыншысы, ағартушы, ҚР Мәдениет үздігі, Қоғам қайраткері Болат Бопайұлының 65 жылдығына арналған тағылымды шара ұйымдастырылады.

Іс-шара барысында автордың көзі тірісінде жарық көрген және алғаш рет Брайль қарпінде (нүктелі-бедерлі шрифт) және МР-3 форматында шығарылған еңбектерінің тұсаукесері өтеді. Бұл бастама – ерекше жандардың рухани байлығына қолжетімділік жасауды көздейтін маңызды қадам.

Болат Бопай туралы жазбаған, одан сұхбат алмаған журналист сирек. Ұлттық салт, әдет-ғұрып туралы тақырып қозғала қалса, тілшілер ең алдымен сол кісіні іздейтін. Себебі оның әрбір жауабы – дайын мақала, шындыққа толы дерек еді.

Сол себепті, бұл шара – жай еске алу кеші емес. Бұл – қалам ұстаған әріптестердің қатысуы тиіс рухани кездесу. 

Бағдарлама аясында:

  • «Ерекше жандарға – ерекше кітаптар» атты көрме өтеді. Көрмеге Болат Бопайдың «Қазақ батасы», «Қазақ дастарханы», «Қазақ дәстүрлері», «Қазақ ырым-ғұрыптары» атты еңбектері қойылып, олардың Брайль қарпі мен аудиоформаттағы нұсқалары көпшілік назарына ұсынылады.

  • «Атадан қалған мұрасын, ұрпағына жалғаған» атты слайд-шолу арқылы көрермендер жазушының өмір жолы мен шығармашылығымен таныса алады.

  • Шара барысында Болат Бопайдың сөзіне жазылған әндер орындалып, оның шығармашылық мұрасына арналған музыкалық көріністер ұсынылады.

  • Келген қонақтар мен әріптестері, қаламдас достары, шәкірттері жазушы жайлы естеліктерімен бөліседі.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы,  Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы

Күні: 21 сәуір

Уақыты: сағат 15-00

Мекен жайымыз: Бөгенбай батыр көшесі, 214 (Ғ.Мұратбаев к. 171 қиылысы)

  Орындаған: Л.Куантаева

  87079121061

Связанные Статьи