Шерзат Полат қатыгездікпен өлтірілген түні оның анасы Гүлбара сотталушылардың арасында екі қыздың жүргенін анық көрген. Шерзаттың анасы жауап беру барысында екі қыздың төбелес кезінде не істеп жүргенін айтып берді.
“Қыздар дүкеннің маңында болды. Оларға қарап, жедел жәрдем мен полиция шақыруын сұрадым. Бірақ олар маған қарап тұрды. Ештеңе істеген жоқ. Абзал мен Нұрқияс менің қолымнан ұстап тұрғанда екі қыз маған тас лақтырды. Ол қыздарды көрсем танимын”, – деді Гүлбара Бишембаева.
Оқиға болған түні сотталушылардан бөлек онда екі қыздың жүргенін бейнекамерадан көруге болады. Алайда олар бүгінде айыпталушылардың қатарында емес.
“Жолдасым төбелес басталып кеткен кезде жедел жәрдем мен полиция шақырған. Бірақ олар тұтқаны алмады. Басқа үйдегі адамдар шыққан кезде күйеуім көлікті айдап келді. Көлікке бірінші Шерзатты, екінші Нұрғанатты салып Талғардың ауруханасына апардық. Ұлымның аузынан қан кеткенін көргенде өледі деп ойладым. Бірақ сонда да үмітімді үзген жоқпын. Шерзаттың қолындағы білегіндегі пышақпен кесілген жарақаттарды көрдім. Ол жарақаттарды сотталушылардың бәрі салды. Равильдің Нұрғанатқа пышақ салғанын көрдім. Мылтықты кім әкелгенін білмеймін. Бірақ ол Нұрқиястың қолында болды”, – деді Шерзаттың анасы.