25 жастағы қыз: Жылдық табысы 500 000$-дан асатын еркек бар ма?

/uploads/thumbnail/20170709192731876_small.jpg

Бұл қыз танысу форумы арқылы өзіне қалталы күйеужігіт іздеген. Бұл жайында myfeelings.ru порталы хабарлайды, мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.

«Бұл жерге не себепті жазып отырғаным жайлы өтірік айтпаймын. Осы жылы 25-ке толамын, өзім өте тартымдымын. Талғамым биік, ерекше стилім бар. Жылына 500 000$-дан аса ақша табатын қалталы еркекке тұрмысқа шыққым келеді. Мені арампиғылды деп ойлайтын шығарсыздар, алайда олай емес. Сіздерге түсінікті болу үшін былайша жеткізейін: Нью-Йоркта жылына 100 доллардан аса қаражат табатын адамдар ғана тұрмыстық жағдайы орташа болып табылады. Мен кедей болғым келмейді.

Қоятын талаптарым тым қиын емес. Осы сайтта жылдық табысы 500 000$-дан асатын еркек бар ма? Әлде, сіздердің бастарыңыз бос емес пе? Және де сіздерге тұрмысқа шығу үшін не істеуім қажет?

Осы уақытқа дейін кездескен жігітерімнің жылдық табысы 250 000-нан аспайтын.

Менің бірнеше сұрақтарыма жауап бере аласыздар ма?

1 Сіздер – қалталы азаматтар қандай жерлерде көңіл көтересіздер?

2 Қандай жастағы еркекке тұрмысқа шыққаным жақсы?

3 Неге көптеген бай еркектердің әйелдерінің есі дұрыс емес?

4 Қандай қыздар сіздерге әйелдікке жарайды, ал қандай қыздармен тек кездесіп қана қояр едіңіздер?

Жауаптарыңызды күтемін!»

АҚШ-тың ірі банк басқармасының төрағасы қыздың сұрағына былай деп жауап беріпті:

«Құрметті сұлуым!

Форумдағы менің хабарламаңды үлкен қызығушылықпен оқып шықтым. Көптеген қыздардың ойы сенікіндей деп ойлаймын. Сіздің жағдайыңызға инвестициямен салыстырмалы түрде талдау жасап көрейін.

Менің жылдық табысым - 500 000$-дан көп. Бұл дәл сенің іздегенің. Сол себепті де мен уақытымды бос кетіріп отырғаным жоқ. Кәсіпкер ретінде айтарым, сізге үйлену – сәтсіз шешім. Не себепті екенін түсіндеірейін.

Сіздің қалап отырғаныңыз - сұлулыққа ақша төлеу, яғни А субъектісі өз сұлулығын сатылымға қояды да Б субъектісі оған ақша төлейді. Барлығы да мінсіз секілді.

Алайда, бұл жердегі негізгі мәселе мынада: сіздің сұлулығыңыз уақыты келгенде солып қалады, ал менің оған төлеген ақшам белгісіз себептермен жоғалып кетеді. Болашақта менің табысым ұлғаяды, ал сіздің сұлулығыңыз жайлы бұлай айта алмаймын, ол керісінше сөнеді.

Экономикалық терминдермен түсіндірер болсам, өзімізді екі актив ретінде қарастырайық. Менің бағам болашақта өседі де сіздікі құлдырайды. Жай ғана емес, геометриялық даму тұрғысынан құлдырайды.

Мысалы, сізбен қарым-қатынасты сауда айналымы деп алсақ. Уолл Стрит саудасындағы кез келген тауар секілді оалрдың өзіндік позициясы бар.

Егер тауардың нарықтағы бағасы төмендеп кетсе, біз оны дереу сатып жібереміз. Ондай активті қолдану мәнсіз. Сіз қалаған некеде де дәл солай. Мен секілді еркектер сіз секілді қыздармен, әрине, тек кездеседі, бірақ ешқашан да үйленбейді. Сізге берер кеңесім – мұндай жар іздегеніңізді тоқтатып, дұрысы ақша табудың жолдарын үйреніңіз де, өзіңіз жыл сайын қалағаныңыздай қаражат иеленіңіз. Сол кезде қалталы ақымақты табу мүмкіндігіңіз көп болады.

Менің жауабым сіздің бір кәдеңізге жарайды деп үміттенемін!»

Расымен де, шынайы сұлулық – сыртқы келбеттің әдемілігі емес, тіпті, 50 жыл өтсе де солмайтын ішкі жан дүниенің сұлулығы.

 

Связанные Статьи